Талдықорғанда Республика күніне орай мемлекеттік нышандар ұлықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда Республика күніне орай мемлекеттік нышандар ұлықталды

26.10.2022

Талдықорғанда Республика күніне орай мемлекеттік нышандар ұлықталды. Көк байрағымыз биіктен желбіреп, жиналған қауым әнұранды асқақтата шырқады. Жетісу жұрты декларация қабылданған күн ел тәуелсіздігі жолындағы алғашқы қадам ретінде қабылдап, бұл күннің маңыздылығын алға тартуда. Салтанатты шарада патриоттық әндер орындалып, спорттық аренада биік жетістікке жеткен жастарға құрмет көрсетілді.

Мықтыбек Рахымбек, Талдықорған қаласының құрметті азаматы:

Бұл төл мерекеміз деп айтуға болады. Қазақша айтқанда кеткеніміз келіп, кемтігіміз толып, осы міне сол қайтып орнына келген мейрам. Таза өзіміздің егеменділік, тәуелсіздік деген одан артық үлкен қуаныш жоқ.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу