Қызылордалық Нұрманбетовтер отбасының мерейін тасытып отырған - еңбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық Нұрманбетовтер отбасының мерейін тасытып отырған - еңбек

09.06.2015
Қызылордалық Нұрманбетовтер отбасының мерейін тасытып отырған - еңбек

«Әке  көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер». Қызылордалық Нұрманбетовтер отбасындағы ұл мен қыз ата-анадан алған өнегелі тәрбиені өміріне жаратты, ұяда не  көрсе, ұшқанда соны ілді. 

Шаттықты шаңырақтың мәуелі бәйтерегі Бақытбек ақсақал өсіп-өнген ұрпағымен мақтанады. Балаларына берген тәлімі босқа кеткен жоқ, бүгінде әрқайсысы ел қадірлейтін азаматқа айналды.

Ербол, Әліби, Еркін  - Нұрманбетовтер отбасының үш тағаны. Әкелері Бақытбек оларды жастайынан еңбекке баулыды, елін сүюге үйретті, отбасын асырауға дағдыландырды.

Бүгінде ағайынды үш жігіттің жеке-жеке дөңгелеткен кәсіптері, сүйікті істері бар. Оның игілігін өздерімен қатар, жерлестері де көріп отыр. 

Отбасының мерейін тасытып отырған - еңбек.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу