Қызылордалық Абылбековтер отбасы – теміржолшылар династиясы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық Абылбековтер отбасы – теміржолшылар династиясы

15.06.2015
Қызылордалық Абылбековтер отбасы – теміржолшылар династиясы

Сонау соғыс жылдарында үлкен бабалары Абылбек майдан даласына жүздеген эшелонды аман есен өткізсе, бүгінде мехнаты зор жұмысты оның ұрпақтары мүлтіксіз атқаруда.

Атасы да, әкесі де осы теміржолдан нәсібін тапты, отбасын асырады. Сондықтан болса керек, жас жеткіншектерде «теміржолшы боламыз» деген ғана түсінік болды. Нәтижесінде Абылбековтер отбасынан өрбіген 5 ұрпақтың 4-уі осы саланың маманы атанды.

Абылбековтердің барлығы-өмірде де, жұмыс барысында да көргені көп Бекболат қарияның ақылына сүйенеді. Әкелері саналы ғұмырында теміржол саласының дамуына сүбелі үлес қосты. Шиелі, Қызылорда станциялары аумағында жүргізілген күре жолда ол кісінің де қолтаңбасы бар.

Ата-ананың өмірдегі жетістігі-осы балалары, байлығы-немере-шөберелері. Ешқайсысы жаман болған жоқ. Әке мен ана атына кір келтірмей, азамат атанды. Өсті-өнді, жетілді. Енді міне, мерейлі отбасының мерейін тасытып отыр.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу