Елордада «Алтын тұғыр» ұлттық сыйлығының иегерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Алтын тұғыр» ұлттық сыйлығының иегерлері марапатталды

21.12.2022

Елордада «Алтын тұғыр» ұлттық сыйлығының иегерлері марапатталды. Тоғызыншы мәрте ұйымдастырылып отырған шарада көкпар, бәйге, садақ, аударыспақ, теңге ілу, асық ату, тоғызқұмалақ, құсбегілік және «Жыл жаңалығы» аталымдары бойынша үздік спорт саңлақтары мен жаттықтырушылары анықталды. Шараға ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен спортшылар, жаттықтырушылар қатысты. Жобаның мақсаты – ұлттық спорт саласындағы үздіктердің мерейін көтеріп, ел намысын асқақтатып жүрген азаматтардың есімін ардақтау. 

Хабарламаларға жазылу