Алматыда «Bala Tyrkvizyon» I халықаралық балалар ән байқауының ашылу салтанаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Bala Tyrkvizyon» I халықаралық балалар ән байқауының ашылу салтанаты өтті

01.06.2015
Алматыда «Bala Tyrkvizyon» I халықаралық балалар ән байқауының ашылу салтанаты өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шараның ашылуына арналған кеште қала әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова, «Жандану әлемі» қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаева, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директоры Сағындық Нұраханов сөз сөйлеп балаларды мерекемен құттықтады.

Байқауға қатысушы таланттарды таңдап, орындаушылық және сахна   шеберлігін шыңдайтын тәлімгерлер жас өнерпаздармен қосылып ән шырқады.

Сонымен қатар, компютерлік жеребемен үміткерлерді таңдауға баратын аймақты анықтады.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу