Қызылорда қалалық автобус паркі биыл толықтай жаңартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда қалалық автобус паркі биыл толықтай жаңартылады

26.05.2015
Қызылорда қалалық автобус паркі биыл толықтай жаңартылады

Қызылорда қалалық автобус паркі биыл толықтай жаңартылады.  

Облыс әкімдігі мен «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»ҰК» АҚ және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы келісімге сәйкес, өңірге 100 автобус әкелінеді.

Олардың алғашқы легі әкелінді. Енді қыркүйек айына дейін қалғандары жеткізіледі.

Бұл жаңа, үлкен сыйымдылықтағы көліктер ескі автобустармен ауыстырылып, халыққа талапқа сай қызмет көрсететін болады.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу