Жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы: Елімізде жыл сайын 1,5 мың автобус жаңартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы: Елімізде жыл сайын 1,5 мың автобус жаңартылады

27.06.2023

Елімізде жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы арқылы жылына 1,5 мың автобус жаңартылады. Бұл туралы Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев хабарлады. Қоғамдық көліктер өңірлерден келіп түскен өтінім бойынша таратылады. Алғашқы автобустарды Қызылорда облысы, Астана және Алматы қаласы алады. Шамамен екі айда автобустар беріле бастайды. 

Қазір еліміз бойынша қала ішіне қатынайтын 10 мыңнан астам автобус бар. Олардың 46 пайызы тозған, деді министр.



Хабарламаларға жазылу