Қарағандыда автобус паркі 1,3 млрд теңгеге сатылымға қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда автобус паркі 1,3 млрд теңгеге сатылымға қойылды

06.05.2021

Қарағандыда автобус паркі 1 млрд 3 млн теңгеге сатылымға қойылды. Ғимараттың ауданы 25 мың шаршы метр. Жер учаскесінің аумағы 8 гектар. 120 автомобиль мен арнайы техикасы бар. Кәсіпорын қала ішінде 9, қала маңына 3 қоғамдық көлікпен жолаушы тасымалдайды. Қалалық жолаушылар тасымалы секторының жетекшісі автобус паркін сату мәселесі транспортты тоқтатпайды. Бұрынғыша қызметі жалғаса береді,-дейді. Бірақ әкімдік өкілдері не себепті саудаға шығарылғанын айтпады. Былтыр карантин шектеуі кезінде өңірдегі автобус тасымалы 3,4 есе қысқарған.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу