Астанада «Елді қорғау - ұрпақ міндеті» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Елді қорғау - ұрпақ міндеті» акциясы өтті

23.05.2015
Астанада «Елді қорғау - ұрпақ міндеті» акциясы өтті

Астана қаласының «Отан Ана» ескерткішінде Қарулы Күштер қатарына әскери қызметін өтеуге шақырылған азаматтарды шығарып салу рәсімі өтті.

Ел алдындағы қасиетті борышын өтеуге аттанғалы тұрған сарбаздарға тілегін білдіруге соғыс ардагерлері, Халық қаһарманы мен шаһар басшылығының құрамы келді.

Сонымен қатар, іс-шараға әскерге дейінгі және әскер жасағындағы 4500 бозбала қатысып, ел ағаларының отансүйгіштікке тәрбиелейтін сөздерін тыңдады.

Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу