Зырян ауданы мен Өскемен қаласы арасындағы көлік қатынасы жуық арада қалпына келтіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зырян ауданы мен Өскемен қаласы арасындағы көлік қатынасы жуық арада қалпына келтіріледі

01.05.2015
Зырян ауданы мен Өскемен қаласы арасындағы көлік қатынасы жуық арада қалпына келтіріледі

Шығыс Қазақстандағы Зырян ауданы мен Өскемен қаласы арасындағы көлік қатынасы бүгін-ертең қалпына келтіріледі.

Қазір республикалық жолға жауапты құзырлы орган Снегирево ауылының маңындағы көпірдің қасынан айналма жол салуда.  

Осыдан бірнеше күн бұрын екпінмен аққан су көпірді шайып кеткен еді.

Тасжолдың 149-шы шақырымындағы көпір қасынан айналма жол салу жұмысымен «Қазақавтожол» РМК қызметкерлері айналысуда.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу