Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті

11.10.2014
Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті

Табиғатты құрметтеу, көркейту әрбір азаматтың міндеті. Бүгін Алматы шаһарының шырайын кіргізу үшін жалпықалалық сенбілікке 150 мың адам қатысты.

Мектеп оқушыларынан бастап мемлекеттік қызметкерлерге дейін үлес қосқан сенбілікке қала әкімі Ахметжан Есімов арнайы келіп ағаш отырғызды. Алматы қаласында 29 мың қураған ағашқа күтім қажет. Қала тұрғындары жыл сайын қаланың гүлденуі үшін 30 мың ағаш егеді.

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу