Шығыс Қазақстан облысының Құмкөл ауылында 50 балаға арналған балабақша ашылды

07.04.2015
Шығыс Қазақстан облысының Құмкөл ауылында 50 балаға арналған балабақша ашылды

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай  ауданында жаңа балабақша пайдалануға берілді. Құмкөл ауылындағы мектепке дейінгі мекеме мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде ашылған.

50 балаға арналған бөбекжайдың ғимаратын ауыл кәсіпкерлерінің бірі өз қаражатына салдырып, ішін толықтай талапқа сай жабдықтаған.

Жаңа бөбекжайда барлығы 22 адам жұмыс істейді.

Жалпы, соңғы  1,5 жыл ішінде Тарбағатай ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 10-нан астам балабақша ашылған.

Қазіргі таңда аудан бойынша балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету көрсеткіші 98 пайызды құрайды.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу