Көкшетаулық Владимир Плетнев үш жылдан бері көлік жөндеумен айналысып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаулық Владимир Плетнев үш жылдан бері көлік жөндеумен айналысып келеді

25.03.2015
Көкшетаулық Владимир Плетнев үш жылдан бері көлік жөндеумен айналысып келеді

Көкшетау қаласының тұрғыны Владимир Плетнев 2006 жылы Германияда жол апатына ұшырайды. Соның салдарынан қос аяғынан жан кетіп, арбаға таңылады.

Алайда, ол мойымады. Елге оралған соң өзінің иелігіндегі жерге көлік жөндейтін орталық ашты.

Орталық осымен үшінші жыл тұрақты жұмыс істеп тұр.

Жігерлі жанның алға қойған жоспарлары да ауқымды. «Адамдарға жұмыс бергім келеді. Құрылыс материалдарын дайындайтын цех ашсам ба деген ойым бар», дейді Владимир Плетнев.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу