Семейдегі «Семей инжиниринг» зауытының жұмысы қарқынды
Семейдегі «Семей инжиниринг» зауытының жұмысы қарқын алып келді. Әскери ауыр техникалардың бірнеше түрін жөндеумен айналысатын өндіріс бүгінде Ресей, Беларусь, Украина елдеріндегі кәсіпорындармен бәсекелес. Ол броньдалған әскери техника түрлерін жөндеумен айналысатын Орталық Азиядағы теңдесі жоқ жалғыз зауыт саналады. 2011 жылдан бері жұмысы жандана бастаған. Екі жыл бұрын 167 адам ғана жұмыс істеген өндірісте, қазір 600 жұмысшы бар. Мемлекеттік тапсырысты бұлжытпай орындап отырған зауыт жылына жергілікті бюджетке миллиардтаған кіріс әкелуде. Кәсіпорында өндірістік желіні кеңейту, жаңа технологияларды енгізу, бірлескен жобаларды іске асыру үзбей жүріп келеді.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kostanay music fest фестивалі өтті
17.08.2026, 13:27
А.Ерекешева әлемдегі үздік 5 спортшының қатарына енді
17.08.2026, 13:24
Трамп Оңтүстік Кореямен бірге өткізетін жаттығуларды қысқартуды бұйырды
17.08.2026, 13:18
Шекара қызметіне жаңа әкімшілік ғимарат салынады
17.08.2026, 13:15
ДСМ: Мектеп оқушысы ұйқы режимін сақтауы керек
17.08.2026, 13:12
Баласын бақыламаған 480-нен аса ата-ана жауапқа тартылды
17.08.2026, 13:09
«Respubliсa» партиясының өкілдері сайлаушыларымен кездесті
17.08.2026, 13:06
Министр сайлау кезінде БАҚ пен блогерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды
17.08.2026, 13:03