Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің студенттері «Жастар форумын» өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің студенттері «Жастар форумын» өткізді

13.03.2015
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің студенттері «Жастар форумын» өткізді

Қазақстан атты киелі шаңырақ астында оқу-білімге ден қойған жастар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз кандидатурасын ұсынғаны - оңтайлы шешім болғанын жеткізіп, ізгі тілектерін білдірді.

Жастарға әрқашан жан-жақты қолдау көрсетіп, сапалы білім алуға барлық мүмкіндік жасаған Президенттің жаңа мемлекеттілікті нығайтудың 5 реформасын талқыға салды.

Форумға қатысушылар «Жарқын болашаққа талпынған еліміздің жалынды жастары Қазақстанның биік шыңдардан көрінуіне үлесін қосуы қажет. Бұл - біздің азаматтық парызымыз», -дейді.

 

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу