Вакцина алған студенттерге ынталандыру сыйлықтары беріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вакцина алған студенттерге ынталандыру сыйлықтары беріліп жатыр

05.08.2021

Елімізде вакцина алған студенттер мен оқытушыларға ынталандыру сыйлықтары беріліп жатыр. Мысалы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 40 адам Ыстықкөлге жолдама ұтып алды. Алдағы уақытта білім алушыларға студенттер үйінде тұруға жеңілдіктер, тегін тамақтану талондары, жол ақшасының қосымша төлемдері, тіл оқыту курстарына сертификаттар беріледі. Ал Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті екпе алған студенттерге оқу ақысына жеңілдік, Қапшағайға жолдама, кітап сатып алуға сертификаттар берілді. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қызметкерлері мен студенттері лагерь жолдамаларына, фитнес-зал, бассейн абонементтеріне ие болды. Сонымен қатар, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 50 студенті 15 мың теңгеден ақшалай сыйлық ұтып алды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу