Елбасы көрсеткен стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру үшін жұмыла еңбек ету қажет – Валерий Вишниченко - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы көрсеткен стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру үшін жұмыла еңбек ету қажет – Валерий Вишниченко

18.02.2015
Елбасы көрсеткен стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру үшін жұмыла еңбек ету қажет – Валерий Вишниченко

Себебі әлемде дағдарыс пен түрлі шиеленіс үстемдік құрып тұрған шақта саяси науқанды созбалыққа салуға болмайды. 

Ал, Қазақстан халқы таңдауын жасап, бағыт-бағдарын бүгіннен айқындап алса, қиындықпен жұмыла күресуге жол ашылады.

Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру, халықтың әлеуметтік ахуалын төмендетпеу – бүгінде билік басындағылардың басты назарында.

«Біздің міндетіміз электоралдық кезеңде тоқырап қалмай, оны жылдам өткізу. Сосын барлық күш-жігерімізді экономикалық бағытқа жұмылдыру. Елбасының өзі көрсеткен стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру жолында жұмыла еңбек етуіміз қажет», - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Валерий Вишниченко.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу