Президенттің төрағалығымен Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті

16.11.2014
Президенттің төрағалығымен Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Өткен жұмада Президенттің төрағалығымен Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жолдауды жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан бөлінетін қаражатты пайдалану мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа экономикалық саясат аясында ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті. Және Мемлекет басшысы қаржы ресурстарының мақсатқа сай, әрі тиімді жұмсалуын бақылаудың маңыздылығына назар аударды.

Сондай-ақ, Президент облыс әкімдерімен де кездесті. Елбасы Жолдауда жария болған жаңа экономикалық бағдарламаны жүзеге асыруға бүкіл өңірлер қатысуы қажет деді.

Нұрсұлтан Назарбаев алға қойылған барлық міндеттерді жүзеге асыру үшін облыс әкімдерінің бар мүмкіндіктерін тиімді пайдалануы керектігіне назар аударды.

Мейіржан ӘЛІБЕК

Хабарламаларға жазылу