Қызылордада «Шағын бизнес – Қызылорда» жобасы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Шағын бизнес – Қызылорда» жобасы іске қосылды

04.11.2015
Қызылордада «Шағын бизнес – Қызылорда» жобасы іске қосылды

Ауылда бизнес бастағысы келетіндер кепілдемесіз 10 миллион теңге көлемінде несие алып, кәсібін бастай алады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тек оларға кәсіпкерлік палатасының өңірлік бөлімшелері мен ауыл әкімдері сенім білдіруі қажет.

Бұған дейін ауыл азаматтары  кепілге қоятын мүлік таппай қиналатын. Облыс тұрғындарының 65 пайызы ауылда тұрады. Сондықтан, бұл Сыр жұртшылығы үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Айта кетейік, жобаны Қызылорда облысы республикада алғаш болып жүзеге асырып отыр.

«Өңірлік кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп «Микробизнес-Қызылорда» ілкі жобасын жүзеге асыру қолға алынды. Кәсіпкерлерлікті дамытып, әсіресе ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақсатында 2013 жылдан бастап облыс әкімдігі ЛУКОЙЛ компаниясымен бірігіп «Ақниет» жобасын жүзеге асырып келеді. Соңғы 3 жылда «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша шағын несиелендіру көлемі ұлғайтылды. Сонымен қатар, бүгінгі күні қаражат көлемі 6 млрд. теңгеге жуықтады, - дейді облыс әкімі Қ.Көшербаев пилоттық жобаны таныстыру жиынында.

«Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту үшін ең алдымен тұрақты инфрақұрылымын құру қажет. Сонымен қатар, әр ауданның ерекшеліктерін ескере отырып, бизнес жоспарларды әзірлеу керек, - дейді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Асқар Махамбетов.

Ілкі жобаның жұмысын «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС үйлестіретін болады.  

 

 

Хабарламаларға жазылу