Бердібек Сапарбаев шығармашылық ұйым өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бердібек Сапарбаев шығармашылық ұйым өкілдерімен кездесті

23.01.2015
Бердібек Сапарбаев шығармашылық ұйым өкілдерімен кездесті

Жиында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет саласындағы жетістіктермен бөлісті.

Жаңа жылдан қолға алынған көркемдік кеңес жұмысы жайлы баяндап, іске асыру барысын талқылады.

Кездесуде театрлардың қазіргі жағдайы, мемлекеттің ұлттық идеологиясы мен жастар патриотизмі талқыланды.

Қазақстанды мәдени, рухани жағынан әлемге таныту, өнердегі жастардың жағдайын жасау, оларды үймен қамтамасыз ету іспетті мәселелер көтерілді. «Жастарды білімге баулу керек» деген қатысушылар, Ұлттық кітапхананың рөлін баса айтты.  

Жиын соңында Бердібек Сапарбаев биылғы жылы тойланатын Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Жеңістің 70 жылдығына шығармашылық адамдардың белсене атсалысуын сұрады. Шетелдерде мәдени шараларды ұйымдастыруды қолға алудың қажеттігін айтты.

 

Хабарламаларға жазылу