Бердібек Сапарбаев көпбалалы аналармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бердібек Сапарбаев көпбалалы аналармен кездесті

20.09.2019

Аймақтарда ашылып жатқан «Кәсіпкер ана» жобасы оң нәтижесін бере бастады. Осындай орталықтардың көмегіне жүгінген отбасылар өздерінің бизнес идеяларын іске асыруда. Мамандардың айтуынша, аймақтарда атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасылар бизнеске бет бұра бастаған. Вице-премьер Бердібек Сапарбаев Алматыға жасаған жұмыс сапары кезінде көпбалалы аналармен кездесіп, мемлекеттің әлеуметтік саясатының барлық бағыттарын түсіндірді. 

Кәсіп бастағысы келетін отбасыларға мемлекеттік қолдау тетіктерін баяндап берді. Мұндай кезлесулердің барлығында тек мемлекетке қол жаймай, жұмыс істеу керектігі кеңінен талқыланды.

Ербол Мәндібек


Хабарламаларға жазылу