Ұлттық ғылыми медицина орталығы Калачи ауылындағы науқастардың жағдайы туралы брифинг өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ғылыми медицина орталығы Калачи ауылындағы науқастардың жағдайы туралы брифинг өткізді

12.01.2015
Ұлттық ғылыми медицина орталығы Калачи ауылындағы науқастардың жағдайы туралы брифинг өткізді

Олар үйіне қайтуға дайын. Алайда созылмалы ауруларынан толық айығуы тиіс. Бұл туралы бүгін Ұлттық ғылыми медицина орталығының директоры Абай Байгенжин мәлімдеді.

Осыдан бір апта бұрын санитарлық авиация желісімен Калачидің 4 тұрғыны бас қалаға жеткізілген.

Науқастардың ауруханаға түскен кездегі жағдайлары әртүрлі. «Ұйқысынан» оянбаған біреуі, тіпті, жан сақтау бөліміне жатқызылған еді.

Абай Байгенжиннің айтуынша, бұл дертке шалдығудағы басты себеп – тұрғындардың өз денсаулықтарына салғырт қарауы.

Ғылыми медицина орталығы мамандарының жіті бақылауымен калачиліктер барлық тексеруден өтті.

Нәтижесінде, науқастардың қаны аздық, қант диабеті мен қан қысымының жоғарылауы сияқты дерт түрлерімен ауыратындығы анықталған. Қазір ем-домның арқасында жағдайлары жақсарған.      

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу