Көктамыр ауруын емдеу жолдары туралы ертең «Таңшолпанда» айтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көктамыр ауруын емдеу жолдары туралы ертең «Таңшолпанда» айтылады

15.03.2016
Көктамыр ауруын емдеу жолдары туралы ертең «Таңшолпанда» айтылады

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы»АҚ бас хирург дәрігері Тоқан Сұлтаналиев ертең Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат береді.

Студия қонағымен жүрек-қантамыр хирургиясы және көктамыр ауруын емдеу жолдары туралы әңгіме өрбімек.

Сонымен қатар, таңғы бағдарлама эфиріне қонаққа ҚР Ұлттық музейі қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Нұрсерік Жолбарыс, Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы Бағила Орымбетова және әнші Ардақ Балажанова мен Оңал Азаматова келеді.

Бұдан бөлек, еліміздегі алғашқы патрон зауытының құрылысы, Астанадағы балалар үйінің тәрбиеленушілері жасаған бұйымдар жәрмеңкесі туралы сюжеттерді тамашалай аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, «Таңшолпан» бағдарламасы эфирге 07:00-10:00 аралығында шығады.  

Хабарламаларға жазылу