ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ұлттық медициналық холдингте болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ұлттық медициналық холдингте болды

11.12.2015
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ұлттық медициналық холдингте болды

Олар: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы, Республикалық диагностикалық орталық және Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы.

Мемлекеттік хатшы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы жұмысымен, оның ішінде нәрестелер анестезиясы, реанимациясы және  қарқынды терапиясы, сондай-ақ ортопедия бөлімшелерімен танысты.

Г.Әбдіқалықова сапар аясында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Назарбаев Университетінің басшылығымен және Ұлттық медициналық холдинг қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы ұлттың денсаулығын нығайту еліміздің адами капиталын дамытудың негізгі факторының бірі болып саналатындығын атап өтті. «Қазақстан – 2050» Стратегиясында Қазақстан Мемлекет басшысы «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» деп айтқан болатын. Елбасы Ұлт жоспарында  «медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізуді» тапсырды.

Хабарламаларға жазылу