Ақтөбе облысында газ қондырғысы жарылып, 7 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында газ қондырғысы жарылып, 7 адам жараланды

10.01.2015
Ақтөбе облысында газ қондырғысы жарылып, 7 адам жараланды

Ақтөбе қаласының іргесіндегі Заречный-1 елді мекеніндегі үйлердің бірінде газ қондырғысы жарылып, 7 адам жарақат алды. Зардап шеккендердің екеуі бала. Үш адам ауыр халде облыстық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Бір науқастың денесінің сексен пайызы күйген. Оқиға кеше кешқұрым болған. Көршілердің бірі газ құбырын жауып үлгерген.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу