АҚШ-тың үш қаласында газ жарылып, 6 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың үш қаласында газ жарылып, 6 адам жараланды

14.09.2018

АҚШ-тың Бостон қаласына жақын маңдағы үш бірдей қалашықта газ жарылып, 17 ғимарат өртке оранды. Төтенше жағдай кезінде 6 адам жараланған. Қазір оларға ауруханада ем көрсетіліп жатыр. Жүздеген тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Құтқарушылардың сөзінше, 70-ке тарта жарылыс жаңғырығы естілген. Оқиғаға газ құбырындағы ақаулар себеп болуы мүмкін. Жарылыстың мән-жайы анықталып жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу