Павлодардағы «Самал» сауықтыру орталығында бүлдіршіндерге тосынсый жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы «Самал» сауықтыру орталығында бүлдіршіндерге тосынсый жасалды

27.12.2014
Павлодардағы «Самал» сауықтыру орталығында бүлдіршіндерге тосынсый жасалды

«Самал» сауықтыру орталығында 150-ге тарта жеткіншек ем қабылдап жатыр.

Жүйке жүйесі зақымданып, соның салдарынан жүріп-тұруы қиын балалар.

Облыс орталығындағы кәсіпорындар мен ұйымдар биыл сырқат балалар үшін арнайы қор ашқан.

Сондықтан шырша мерекесіне арналған сыйлықтар жылдағыдан көп болды.

Әсіресе ит жегілген шанаға отырып, серуен құру балалардың есінде көпке дейін қалары анық.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу