Геннадий Головкин Қарқаралыда спорттық-сауықтыру кешенін салуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин Қарқаралыда спорттық-сауықтыру кешенін салуда

11.11.2015
Геннадий Головкин Қарқаралыда спорттық-сауықтыру  кешенін салуда
Келер жылы отандық спортшылар ауасы таза, самал желі ескен қарағайлы ну орман аясында жаттығатын болады.

Боксшы қала сыртындағы «Үлкен көлдің» маңынан спорттық-сауықтыру базасының 391 шаршы метрді алып жатқан ғимаратын салып қойды. Арқаның қысы қатты болғандықтан қалған нысандардың құрылысы көктемде жалғаспақ.

Мұнда балалар үшін де сауықтыру қызметінің түр-түрі көрсетіледі. Ең бастысы демалыс орындарының бағасы барлығына қол жетімді болмақ.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу