Алматыда жаңажылдық шырша шамы жағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жаңажылдық шырша шамы жағылды

24.12.2014
Алматыда жаңажылдық шырша шамы жағылды

Елбасы қажетті зәулім балабақшалар мен мектептердің жылдан-жылға көбейгенін айтып, елінің нағыз азаматы болу үшін терең білім алу керектігін ескертті.

Мерекеге қаладағы балалар үйлері мен мектеп-интернаттар және тұрмысы төмен отбасылардан 300-ге жуық балалары қатысты.

Барлығының арман-тілегі тәтті тоқаштардан дәм татып, түрлі ойыншықтарды сыйлыққа алу.

Биылғы шырша тойы өзгелерден ерекше. Тәрбие – ұлттық құндылықтарды ұлықтаудан басталады, деген ұйымдастырушылар салт-дәстүрімізді дәріптейтін қойылымдарды ұсынды.

 

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу