Тәуелсіздік күні қарсаңында мәдениет және спорт қайраткерлері мемлекеттік марапатқа ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік күні қарсаңында мәдениет және спорт қайраткерлері мемлекеттік марапатқа ие болды

15.12.2014
Тәуелсіздік күні қарсаңында мәдениет және спорт қайраткерлері мемлекеттік марапатқа ие болды

Бүгін ҚР Тәуелсіздік күніне орай бір топ мәдениет және спорт саласының майталмандары мемлекеттік сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Салтанатты шарада ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы мәдениет және спорт саласының 34 қайраткеріне «Парасат» және «Құрмет» орденін, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын, «Ерен еңбегі үшін» медалін және «Құрмет» грамотасын тапсырды.

Марапатталғандардың ішінде есімдері елге белгілі театр және кино актері Фархат Әбдірайымов, композитор Қалдыбек Құрманәлі, жазушы Абай Тыныбеков, «Astana Ballet» балетмейстері Айгүл Тәти, қоғам қайраткері Асылы Осман, «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков бар.

 

Хабарламаларға жазылу