Алматы облысында «Асыл арман» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында «Асыл арман» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

13.12.2014
Алматы облысында «Асыл арман» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Баспана Қарасай ауданының Іргелі ауылдық округіндегі «Асыл арман» тұрғын үй кешенінен берілді. «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған үйлер, тұрғындарға Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тамаша тарту болды. Пәтер кілттері иелеріне салтанатпен табысталып, көпшілік әр шаңыраққа құтты қоныс тіледі.  

«Асыл арман» тұрғын үй кешенінде армандар орындалады»,-дейді үйлі-күйлі болған отбасылар. Өйткені, көбі кең сарайдай боз үйі болуын көптен күткендер. Жаңа пәтерге ие болғандардың дені жастар.

«Асыл арман» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2 жыл бұрын басталған. Аз уақытта жартысы салынды. Жоба бойынша тоғыз қабатты 21 үйден тұрады. Жалпы алаңы 320 мың шаршы метрден асады. Биыл бірінші кезекпен 9 үй - 2328 пәтер пайдалануға берілді. Келесі жылдың бірінші жартысында қалған 2760 пәтердің кілті иелеріне табысталады. 

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу