Алматы облысында 1200 жанұя қоныс тойын тойлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында 1200 жанұя қоныс тойын тойлады

14.12.2014
Алматы облысында 1200 жанұя қоныс тойын тойлады

13 желтоқсан күні  Тәуелсіздік күніне орай Алматы облысының Қарасай ауданында «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған «Асыл Арман» тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп,  1200 отбасы қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бағдарламаға қатысушылар арасында мемлекеттік қызметшілер, көпбалалы отбасылар, бюджеттік мекеме қызметкерлері, халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобы және басқа да санаттағы азаматтар бар.

Жаңа пәтер иелерін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «Самұрық Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Болат Палымбетов және «Элитстрой Групп» ЖШС президенті Қайрат Оразбеков құттықтап, кілттерді табыстады.

«Асыл Арман» кешені тоғыз қабатты 21 үйден тұрады, жалпы алаңы 320 мың шаршы метрден астам, оның ішінде тұрғын алаңы - 260 207 шаршы метр. Осы жоба шеңберінде жалпы есебі бір, екі және үш бөлмелі 5088 пәтер құрылыс жүргізу жоспарланған, олардың алаңдары 32,7 шаршы метрден 71,3 мың шаршы метрге дейін болмақ.

2014 жылы бірінші кезектегі 9 үй - 2328 пәтер пайдалануға берілді. 2015 жылдың бірінші жартысында қалған 2760 пәтерге жаңа иелері қоныстанатын болады.

Хабарламаларға жазылу