Шағын қалалар дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын қалалар дамып келеді

30.09.2014
Шағын қалалар дамып келеді

Еліміз бойынша моноқалалардың басым бөлігі Қарағанды облысында орналасқан. Аймақ бойынша қазір 8 шағын шаһарды әлеуметтік-экономикалық дамыту қолға алынды. Солардың бірі – Сәтбаев қаласы. Мұнда қазір жан-жақты жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткізілді. Ағымдағы жылдың өзінде 2 мектеп пен балабақшаны қайта қалпына  келтіру үшін 283 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Сондай-ақ, шаһардың тозған ішкі жолдарын жөндеу қолға алынды. Биыл 176 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалып, Абай көшесінің көлік және жаяу жүргінші жолдары жаңаланған. Коммуналдық шаруашылық та реттелуде.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу