Театр сыншысы Әшірбек Сығай өмірден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Театр сыншысы Әшірбек Сығай өмірден өтті

28.11.2014
Театр сыншысы Әшірбек Сығай өмірден өтті

Әшірбек Сығай – ұлттық сахнаның жоғын жоқтаған, барын түгендеген профессор, азаматтық позициясы айқын қоғам қайраткері болатын.

Оның шығармашылық ой мен танымның айдынын жетімсіретпей, қоғам өміріне де әркез белсене араласты.

Жазса шебер, сөйлесе шешен Әшірбек Сығай Жан Мольердің «Еріксіз үйлену», К. Гольдонидің «Күлкілі оқиға», Ш. Роквидің «Мазасыз әжей», В. Ежовтың «Бұлбұлдар түні», Б. Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай» және тағы басқа танымал драматургтардың пьесаларын аударды.

Сергек ойлы, сұңғыла ақсақал қазақ театрының тұтас бір дәуірін хатқа тізіп, жиырмаға тарта кітап қалдырды.

«Театр өнерінің Толыбайы» атанған арда азаматпен қоштасу рәсімі 29-қарашада М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында өтеді.

Хабарламаларға жазылу