Павлодар облысының әкімі есеп берді

21.11.2014
Павлодар облысының әкімі есеп берді

Соңғы жылдары Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық бағытында айтарлықтай табыстарға қол жетті. Бұл жетістіктер «Мемлекет басшысының өңірлерді дамыту жөніндегі берген тапсырмасын орындаудың нәтижесі»,-дейді Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев.

Облыс – республикадағы жұмыспен қамтудың 5 пайызын, өнеркәсіп өндірісінің 7 пайыздан астамын қамтып отыр.

Сондай-ақ, елдегі өндірілетін көмірдің 60 пайызы, ферро-қорытпалар мен құбырлардың төрттен үші, электр энергиясының жартысына жуығы, аллюминийдің барлығы дерлік, жүк вагондарының 87 пайызы  осы өңірге тиесілі.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу