«Жеңіс туы желбіре» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жеңіс туы желбіре» акциясы өтті

19.11.2014
«Жеңіс туы желбіре» акциясы өтті

Биыл күзде Астана қаласы бойынша 7 мың жас әскери комиссияның сұрыптауынан өтіп, оның 1 200-і еліміздің қарулы күштер сапында қызмет етуге жолдама алды.

Отан алдындағы борыштарын өтеуге ниет еткен азаматтарды қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департамент пен «Жас Отан» жастар қанаты әскерге шығарып салу үшін «Жеңіс туы желбіре» атты арнайы акция ұйымдастырды.

Жеңістің 70 жылдығына арналған шараға әскер қатарына шақырылғандармен бірге мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.

Хабарламаларға жазылу