Ұшақ апатынан «Total» компаниясының президенті қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұшақ апатынан «Total» компаниясының президенті қаза тапты

21.10.2014
Ұшақ апатынан «Total» компаниясының президенті қаза тапты

Мәскеудің «Внуково» әуежайында «Falcon-50» жеңіл моторлы ұшақ құлап, «Total» француз мұнай компаниясының президенті 63 жастағы Кристоф де Маржери қаза тапты.

Халықаралық терминалдың баспасөз қызметі хабарлағандай, апатқа әуе көлігінің ұшу-қону алаңында тұрған қар жинайтын машинамен соқтығысқаны себеп болған.

Алдын ала деректерге қарағанда, апат салдарынан бес адам – жолаушы мен экипаждың үш мүшесі және қар жинайтын көліктің жүргізушісі опат болды.

 

Мадина МҰҚАНОВА

 

Хабарламаларға жазылу