Елбасы Кристоф де Маржеридің қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Кристоф де Маржеридің қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

21.10.2014
Елбасы  Кристоф де Маржеридің қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тоталь» компаниясының президенті Кристоф де Маржеридің қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Жеделхатта К.Де Маржеридің Мәскеудегі «Внуково» әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқаны туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың күйзеле қабылдағаны айтылған.

«Кристоф де Маржери кәсіпқой маман және беделді басшы болатын. Қазақстан мен Францияның достық қарым-қатынастарын нығайтуға және еліміздегі энергетика секторын дамытуға зор үлес қосқан ірі тұлға еді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан марқұмның отбасы мен жақындарына шын ниетпен көңіл айтқан. 

Хабарламаларға жазылу