Әскерилендірілген теміржол күзетінің жұмысы күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилендірілген теміржол күзетінің жұмысы күшейтіледі

16.10.2014
Әскерилендірілген теміржол күзетінің жұмысы күшейтіледі

Қазақстан мен Ресей теміржол көлігінің ведомстволық күзеті мемлекеттік кәсіпорындарының арасында өзара ынтамақтастық келісімі жасалды.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясында жүк тасымалын сапалы күзетуді бірлесе қолға алмақ. Көрші елдің өндірістегі инновациялық технологиялары қолданысқа енбек.

Әсіресе, жүкті бақылаудың спутниктік жүйесі арқылы контейнерлерге пломбалар орнатылып, жүк тасымалының сақталуын қамтамасыз етеді.

Меморандум аясында енді екі ел мамандары теміржол қауіпсіздігін сақтау бағыттары бойынша тәжірибе алмасады. Сондай-ақ, бүгінгі игі бастаманың аясында «Әскерилендірілген теміржол күзетінің» Алматы қаласы бойынша филиалының жаңа нысаны ашылды.

Айгүл ЕРМАХАН

 

Хабарламаларға жазылу