Қостанай облысында санитарлық бекеттер қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында санитарлық бекеттер қойылады

11.11.2020

Ертеңнен бастап Қостанай облысының өзге өңірлермен шектесетін барлық бағыттарына санитарлық бекеттер қойылады. Мониторингтік топтардың да жұмысы күшейтіледі. Бұл туралы жедел штабтың отырысында облыс басшысы мәлімдеді. Себебі күн сайын індетті жұқтырғандар саны артып келеді. Бүгін коронавирус инфекциясы 63 адамнан анықталды. Санитарлық бекеттер бұған дейін облыс орталығының кірберістеріне және Ресеймен арадағы шекараға қойылған болатын. 

Дәуренбек Әбдібек

Қостанай коронавирус

Хабарламаларға жазылу