Алматыда карантин күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда карантин күшейтіледі

10.03.2021

«Қызыл» аймаққа өткен Алматы қаласында эпидахуал күрделі. Сондықтан карантин шаралары күшейтіледі. Мамандардың айтуынша, ауа райының жылынып, мерекелік және отбасылық шаралардың көбеюі, оқушылардың мектепке оралуы, сондай-ақ науқастардың оқшаулау режимін сақтамауы инфекцияның таралуын арттырған. Әсіресе, қоғамдық көлік пен сауда-ойын-сауық орталықтары, базарларда халық коронавирусты жиі жұқтырып жатыр. Сондықтан алдағы уақытта жаппай бұқаралық шараларға тыйым салынады. Мониторингтік топтардың жұмысы да күшейтіледі. Қазір бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы әзірленіп жатыр.  

Жазира Оразқызы

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу