Сервал мысықтарын баптайтын питомник ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сервал мысықтарын баптайтын питомник ашылды

30.09.2014
Сервал мысықтарын баптайтын питомник ашылды

12 мың долларлық мысық! Бұл - бақуаттылардың ермегіне айналған аукцион емес, Астанадағы жарнама. Елімізде алғаш рет асыл тұқымды африкалық сервал  мысықтарын баптап өсіретін питомник ашылды. Нарықтағы бағасы көлікпен пара-пар тұратын жануарға сұраныс та жоғары.

Жалпы нарықтағы сервал мысықтарының құны 10 мыңнан 20 мың долларға дейін бағаланады екен.

Сервал мысықтарын сатып алушылардың көбісі оларды генетикалық ерекшелігі  үшін құрметтейді екен.

Бүгінде африкалық сервал мысықтары - жоғалып бара жатқан жануарлар тізімінде. Себебі олардың мамық жүні көлеңкелі нарықта өте құнды болып есептеледі. Мәселен, біздің елде 128 омыртқалы жануар қызыл кітапта тіркеуде тұр. Оның ішінде осы мысық та бар.

Лаура БЕКЖІГІТ 

Хабарламаларға жазылу