Алматыда жылқы малын аяусыз ұрғандар жазаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жылқы малын аяусыз ұрғандар жазаланады

11.10.2021

Алматыда жылқы малын аяусыз ұрғандар айыпталып жатыр. Бұған дейін қаладағы ат баптайтын орындардың бірінде жануарды жүк көлігіне мінгізбек болғандар оны күрекпен ұрып, қамшымен сабағаны хабарланған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Полицейлер жылқыға қорлық көрсеткен 5 адамның кім екенін анықтады. Қазір тергеу жұмыстары басталған. Істі қалалық полиция департаменті жүргізуде. Күдіктілер қылмыстық кодекстің 316 бабы бойынша айыпталып жатыр. Айта кетейік, жуырда парламентте "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасы қаралған. Енді жануарларға қатігездік көрсеткендер бұрынғыдай тек айыппұл төлеп құтылмайды. Қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Хабарламаларға жазылу