Еуро-2016. Латвия-Қазақстан 0:1 (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Латвия-Қазақстан 0:1 (толығырақ)

14.10.2015
Еуро-2016. Латвия-Қазақстан 0:1 (толығырақ)

Негізгі құрамдағы Бауыржан Исламхан мен Бауыржан Жолшиевтің жоғына қарамастан, аяқдопшыларымыз Риганың «Сконто» олимпиадалық стадионында минималды басымдықпен жеңіске жетті.

Алаң иелері алғашқы 30 минутта допты өз бақылауларында ұстап, жылдам гол салуға тырысты. Әуедегі допқа талас барысында қорғаушы Сергей Малый доптардың барлығына дерлік бірінші жетіп отырды. Алғашқы таймда есеп аша алмаған екі ұжым үзілістен кейін шабуылдарын қайта бастаған. Дегенмен, Красножан баптайтын Қазақстан құрамасының ойыншылары сауатты ойын көрсетті.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ 

Хабарламаларға жазылу