Жамбылдық Мамырбаевтар жанұясы - ұстаздықты ұлағат тұтқан шаңырақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдық Мамырбаевтар жанұясы - ұстаздықты ұлағат тұтқан шаңырақ

18.09.2014
Жамбылдық Мамырбаевтар жанұясы - ұстаздықты ұлағат тұтқан шаңырақ

Жамбыл облысының Түймекент ауылында тұратын Мамырбаевтар жанұясы - ұстаздықты ұлағат тұтқан шаңырақ.

Жүздерінен жылылық есіп, көңілдерінен тектіліктің табы сезілетін қос қария 13 перзенттің қазыналы әкесі, абзал анасы.

Ұстаздық еткен 51 жылда Серік атаның тәлімін алып, мыңдаған шәкірт  мектептен түлеп ұшты.  Өзі де абыройдан кенде емес.

«Ерен еңбектің» иегері, «Халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Байзақ ауданының Құрметті азаматы». Мұндай атаққа ол ең әуелі  өнегелі ісімен, ауылдастарына сыйлы, тәлімді ұрпағын жұрт үлгі тұтқанның арқасында жетіп отыр.

       

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу