Серік Сәпиев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында дауыс берген қазақстандықтарға алғыс білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серік Сәпиев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында дауыс берген қазақстандықтарға алғыс білдірді

20.09.2014
Серік Сәпиев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында дауыс берген  қазақстандықтарға алғыс білдірді

«Мерейлі отбасы» байқауының ақтық сынында Қарағанды облысының атынан сынға түскен Сәпиевтер жанұясы  Ұлттық баспасөз клубының облыстық филиалындағы брифингке қатысты.

 «Барлық өңірдің атынан мақтауға тұрарлық отбасылар келді. Мұндай шаралар жанұядағы қарым-қатынасты нығайта түседі. Мықты жанұя - мықты мемлекет екені белгілі», - дейді отағасы, Еңбек ардагері, Құрметті шахтер Жұманғали Сәпиев.

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев оның отбасына дауыс қазақстандықтарға алғысын білдірді.   

 «Мұндай байқау алғаш рет ұйымдастырылды. Ал, Қарағанды облысының намысын қорғау мәртебесі бізге бұйырды.  Тарих бетіне ендік десек те болады. Жаңадан шаңырақ көтергендер үлкендерден үлгі алатын болады», - деді  Олимпиада чемпионының анасы Ирина Сәпиева.

Жұманғали және Ирина Сәпиевтердің бір шаңырақ астында тұрып жатқанына 30 жыл болды. Екеуі 4 баланы тәрбиелеп, өсірген, 4 немересі бар.  

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу