Диас Қадырбаев мәлімдеме жасайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Диас Қадырбаев мәлімдеме жасайды

21.08.2014
Диас Қадырбаев  мәлімдеме жасайды

АҚШ билігі 2013 жылғы Бостондағы терактіге қатысты тергеуге кедергі келтірді, деп айыптап отырған қазақстандық студент Диас Қадырбаев  бірнеше тармақ бойынша өзінің айыбын мойындады. Мұндай ақпаратты «Бостон Глоуб» газеті таратып отыр.

Қазақстандықтың қорғаушысы Роберт Сталдың айтуынша, Қадырбаев бейсенбі күні түстен кейін Бостон сотында мәлімдеме жасамақ. Бірақ, мәлімдемеде нақты қандай ақпарат болатынын қорғаушы ашып айтпады. Мамандардың айтуынша, Қадырбаев мұндай қадамға өзінің жазасын жеңілдету үшін баруы мүмкін.

Хабарламаларға жазылу