АҚШ-та сотталған қазақстандық Диас Қадырбаев елге келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та сотталған қазақстандық Диас Қадырбаев елге келеді

30.08.2018

2013 жылдың сәуірінде ағайынды Царнаевтар ұйымдастырған Бостондағы терактіге қатысты сотталған қазақстандық Диас Қадырбаев АҚШ-тан Қазақстанға жеткізіледі. Бұл ақпаратты бүгін Сыртқы істер министрлігі растады.

Естеріңізге салсақ, 24 жастағы қазақстандық Америка полициясының тергеуіне кедергі келтіргені үшін сотталған. Атап айтқанда, ол досы Азамат Тажаяқовпен бірге ағайынды Царнаевтардың пиротехника салынған арқа қоржыны мен ноутбугын жойып жіберген. 29 тамыз күні Диас Қадырбаев АҚШ-тың федералдық түрмесінен босатылды. Тиісті процедуралар өткізілген соң оның Қазақстанға нақты қашан депортацияланатыны белгілі болады.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу