Елорда көшелерінде қоғамдық тәртіп күшейеді

22.07.2014
Елорда көшелерінде қоғамдық тәртіп күшейеді

Енді елорда көшелерінде қоғамдық тәртіпке бағынбайтындар жазасыз қалмайды. Белгіленбеген жерден жол кесіп өткен жаяу жүргіншілер мен қоқыс тастағандар және көлігін дұрыс қаңтармаған азаматтар әкімшілік жазаға тартылады.

Бүгін осындай құқық бұзған тұлғаларға қатысты көшпелі сот отырысы өтіп, онда 15 адам Заң алдында жауап берді.

 Айта кетейік, осыдан 2 ай бұрын Астананың Алматы, Қабанбай батыр, Сауран, Сығанақ көшелеріне 113 бейнебақылау қондырғысы орнатылған еді.

Смарт-камералар Заң бұзылған жағдайды бірден тіркеп, диспетчерге хабар береді.

 «Ақылды» құрылғылар алдағы уақытта Астананың барлық көшесіне орнатылады.

Серік Әбутәлипов, Есіл аудандық ІІБ бөлім бастығы:

Осы жобаның алдында біз күніне 50 адамға дейін анықтадық. Бүгінде олардың саны азайып жатыр. Күніне 8-10 құқық бұзушы анықталады.

Хабарламаларға жазылу