Елордада дабыл батырмасы бар қондырғылар орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада дабыл батырмасы бар қондырғылар орнатылды

07.10.2021

Елорда көшелерінде дабыл батырмасы бар арнайы қондырғылар орнатылды. SOS хабарламасын дереу жөнелткіш жабдық қазір бас қаланың бірнеше жерінде бар. Полицейлердің айтуынша бұл тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қажет. Кез-келген азамат төтенше жағдай кезінде немесе оқыс оқиға болып, өзіне қауіп төнсе, сондай-ақ заңбұзушылықтарға куә болса осы дабыл батырмасын баса алады. Осы арқылы шұғыл тиісті көмек көрсетілмек.

Данияр Орал, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:
Бұл Елордамыздағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде яғни көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылып отыр. Білітіндей халық үніне құлақ асатын мемлекет, қолжетімді полиция деген тұжырымдама бар. Соның төңірегінде іске асты.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу